Мінез бен түстің қандай байланысы бар? Берілген түстерге зейін қойып қарап шығыңыз. Арасынан өзіңізге ұнамды түсті таңдап, өзіңіздің психологиялық портретіңізбен таныс болыңыз. ҚАРА Өзіңіз мойындамағанмен, өзгелерге қамқорлық көрсетпей, жүре алмайсыз. Кейде өзіңізді жалғыз сезінесіз, алайда, ондай сезімдерден арылуға тырысасыз. Мүмкін, сіз бар болғаны, оңашада қалғыңыз келетін шығар?! Өзгелердің пікірінен өзгелешенетін өз пікіріңіз бар. Өзіңізді қолда ұстай білесіз. СҰР Сіз естияр жансыз, сондықтан асығыс не ашу астынан іс-әрекетке бармайсыз. Өз ойларыңызбен, ішкі сезімдеріңізбен бәрімен бірдей бөліспейсіз, бәрін құпия ұстап, тек санаулы жандарға ғана ашыласыз. ҚЫЗЫЛ Сезімтал және экспрессивті жансыз. Кейде өз сезімдеріңіздің жетегінде кете барасыз. Тез шамдануыңыз мүмкіін, бірақ сізде теріс ой жоқ. Бүгінгі күніңізбен өмір сүре білесіз. Шаршап-шалдықтым десеңіз де, көп нәрсеге шамаңыз жетеді. ҚОҢЫР Cіз үшін шынайы өмір бәрінен маңызды. Қиял кезіп жүрмей, өмірдің қарапайым қуаныштарына бет бұрасыз. Шешімді өз бетіңізбен қабылдағанды жөн көресіз. САРЫ Адамдармен қарым-қатынаста қысылмай, өзіңізді еркін әрі мәдениетті ұстайсыз. Тіл табысқышсыз, өзгелерге ұнау, өзіңізге тарта білу сіз үшін ғанибет. Өмірге позитивпен қарайсыз және қандай да бір жағдайдың оң нәтижемен аяқталғанын күтесіз. Сізбен келісімге келу оңай әрі сізбен араласу да жағымды. КӨК Көбіне салмақтысыз. Отбасына да, жұмысқа да қатысты, жалпы өмірде сенімділік сезімі сіз үшін бәрінен жоғары. Жиі шаршайсыз, жан тыныштығы мен үйлесіміне ұмтыласыз. Ішкі жан дүниеңіз бай және бойыңызда бірнеше талантыңыз болуы мүмкін. ЖАСЫЛ Өзгелердің ықпалынан қорқасыз және өз бағаңызды арттырудың жолын іздейсіз, себебі сіз үшін бұл өте маңызды. Көп нәрсеге шамаңыз келеді, тек мүмкіндіктеріңізді дұрыс жолмен қолдана білу керек, өзгелердің қолдауын сезінгенде және өзіңізге сенімді болғанда, көп нәрсе қолыңыздан келеді. Барлық бастамаларға нық қарайсыз және жаныңызда демеуші жан болса, қиындықтарды оңай жеңесіз.